Кураторларды ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеу техникалық жоғары оқу орнында тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру факторы ретінде


Қаралымдар: 64 / PDF жүктеулері: 42

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2220-685X-2026-81-2-7-25

Кілт сөздер:

куратор, ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеу, техникалық университет, тәрбие жұмысы, кураторлық, студенттердің бейімделуі, сүйемелдеу моделі

Аңдатпа

Мақалада техникалық университеттегі студенттік топ кураторларының қызметін ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеу мәселесі тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың негізгі факторы ретінде қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі жоғары білім беру жүйесінде кураторлық институттың рөлінің артуына және техникалық жоғары оқу орындарында осы қызметті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің жеткіліксіз дамытылуына байланысты. Зерттеудің мақсаты – тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететін кураторлар қызметін ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеу жүйесін теориялық негіздеу және практикалық талдау. Әдіснамалық негізін жүйелік, тұлғаға бағытталған және іс-әрекеттік тәсілдер құрайды. Зерттеуде теориялық (ғылыми әдебиеттерді талдау) және эмпирикалық әдістер (сауалнама, сұхбат, педагогикалық эксперимент) қолданылды. Іріктемеге 1–2 курстың 120 студенті және 25 куратор кірді. Зерттеу нәтижесінде техникалық жоғары оқу орнындағы кураторлардың негізгі проблемалары анықталды: кураторлардың біліктілігінің жеткіліксіздігі, көпшілігінде психологиялық-педагогикалық білімнің болмауы, жүйелі біліктілікті арттыруды жүзеге асырудағы қиындықтар, кураторлық тәжірибені таратудың жеткіліксіздігі. Кураторлар қызметін ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеудің мақсаттық, мазмұндық-ұйымдастырушылық, іс-әрекеттік және нәтижелік компоненттерді қамтитын құрылымдық-функционалдық моделі әзірленді. Тәрбие жұмысының ең қажетті нысандары эксперименталды түрде расталды: жобалық қызмет (респонденттердің 86%), волонтерлік жобалар (79%), тұлғалық өсу тренингтері (74%), цифрлық форматтар (68%). Ғылыми жаңалық техникалық жоғары оқу орнында кураторлық қызметті ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеудің құралдарын, нысандарын мен түрлерін жүйелеу болып табылады. Практикалық маңыздылығы әзірленген жүйені жоғары және орта кәсіптік білім беру ұйымдарында қолдану мүмкіндігінде.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жусупова, А. ., & Спулбер, Д. (2026). Кураторларды ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеу техникалық жоғары оқу орнында тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру факторы ретінде. Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары, 81(2), 7–25. https://doi.org/10.32523/2220-685X-2026-81-2-7-25

Журналдың саны

Бөлім

Статьи