Дизайн мамандығы студенттеріне шетелдік оқытушылардың білім беру тиімділігі


Қаралымдар: 147 / PDF жүктеулері: 58

Авторлар

  • Езиева Нехир Мариям Акдениз университеті

Кілт сөздер:

білім беруді интернационалдандыру, дизайн, педагогикалық өзара әрекет, когнитивтік әсер, мәдениетаралық қарым-қатынас, студенттік рефлексия, шетелдік оқытушы.

Аңдатпа

Бұл мақалада дизайн мамандығы студенттеріне шетелдік оқытушылардың білім беру тәжірибесінің педагогикалық тиімділігі мен когнитивтік әсері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты - мұндай оқыту формасының оқу белсенділігіне, кәсіби рефлексияға және танымдық даму процесіне ықпалын зерделеу. Зерттеу сапалық феноменологиялық әдіснамаға негізделді, деректер студенттердіңрефлексиялық жазбалары мен жартылай құрылымдалған сұхбаттары арқылы жинақталды. Оған бір шетелдік оқытушы және дизайн мамандығы бойынша білім алушы студенттер қатысты. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, студенттердің сабаққа қатысу деңгейі, шығармашылық белсенділігі және кәсіби ойлауының күшейгені байқалды. Сабақ құрылымының айқындығы, визуалды әдістердің қолжетімділігі мен жобалық формат оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бастапқы тілдік және мәдени тосындықтар уақыт өте жеңілдеп, студенттердің оқу мазмұнына сәтті бейімделуіне жол ашты. Бұл зерттеу халықаралық педагогикалық тәжірибенің студенттердің когнитивтік, эмоционалдық және әлеуметтік дамуына ықпал ететінін дәлелдейді. Шетелдік оқытушылардың қатысуы отандық білім беру жүйесіне жаңаша серпін беріп, интернационалдандыру үдерісін мазмұндық жағынан толықтырады. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері студенттердің өзіндік ойлауын, мәдени бейімделуін және визуалды-кейстік тапсырмаларды орындау дағдыларын дамытуда мұндай оқыту үлгісінің жоғары әлеуетке ие екенін көрсетеді. Автор болашақта аралас әдістермен ауқымды зерттеулер жүргізу қажеттігін ұсынады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мариям, Е. Н. (2025). Дизайн мамандығы студенттеріне шетелдік оқытушылардың білім беру тиімділігі. Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары, 77(2), 46–57. Retrieved from https://bulprengpe.enu.kz/index.php/main/article/view/897

Журналдың саны

Бөлім

Статьи