ЖҮЙЕЛІЛІК ТҰҒЫР НЕГІЗІНДЕ ИНЖЕНЕРЛІК ГРАФИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
Қаралымдар: 62 / PDF жүктеулері: 32
Кілт сөздер:
Инженерлік графика, Жүйелілік тұғыр, Графикалық дайындық, Кеңістіктік ойлау, Кәсіби құзыреттілік, Білім беру әдістемесі, ЦифрландыруАңдатпа
Бұл мақалада инженерлік графика пәнін оқытуды жүйелілік тұғыр негізінде жетілдірудің теориялық және әдістемелік қырлары қарастырылады. Инженерлік білім беру жүйесінде графикалық дайындық болашақ мамандардың кеңістіктік ойлауын, жобалық мәдениетін және кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың басты құралы болып табылады. Алайда соңғы жылдары пән мазмұнының қысқаруы, практикалық машықтардың азаюы және бағдарламалық құралдарға тәуелділіктің артуы оқу сапасына кері әсер етуде. Осы мәселені шешу үшін авторлар оқу мазмұнын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған үш деңгейлі үлгіні ұсынады. Зерттеу барысында теориялық талдау, педагогикалық бақылау, салыстырмалы әдістер қолданылды. Эксперименттік зерттеу нәтижелері жүйелілік тұғыр негізіндегі әдістеменің тиімділігін дәлелдеді: студенттердің кеңістіктік ойлау қабілеті, графикалық сауаттылығы және күрделі тапсырмаларды орындау деңгейі айтарлықтай артты. Ұсынылған үлгі оқу мазмұнын теория, практика және интеграция кезеңдері арқылы құрылымдауға мүмкіндік беріп, білім алушыларды белсенді субъектілерге айналдырады. Зерттеу нәтижелері инженерлік-графикалық оқытуды жаңғыртудың ғылыми-әдіснамалық негізін қалыптастырып, оны әртүрлі техникалық мамандықтарға бейімдеуге және пәнаралық интеграцияны арттыруға жол ашады.




