Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту: қазіргі білім берудің өзекті мәселесі
Қаралымдар: 63 / PDF жүктеулері: 42
Кілт сөздер:
функционалдық сауаттылық, физика пәні, білім, білік, дағды, ғылыми зерттеулерАңдатпа
Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудың басты жолы – білім беру жүйесінің әрбір сатысында пәндік білім мазмұны мен оқыту әдістемесін жан-жақты жетілдіру болып табылады. Бұл жетілдіру оқушылардың шығармашылық ойлауын, функционалдық сауаттылығын және өмірлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы қажет. Сонымен қатар, білім беру мазмұны мен әдістері заманауи талаптарға сай икемделіп, оқушылардың жеке қабілеті мен қызығушылығына бейімделуі тиіс.
Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттері мен практикалық әрекеттерінің нәтижесін олардың білім деңгейінің көрсеткіші ретінде бағалайды. Бұл көрсеткіш түрлі өмірлік жағдайларда тапсырмаларды орындау барысында мектепте алған білімді тиімді қолдануымен және меңгерген білімнің қолданбалық маңызымен айқындалады.
Бұл мақалада функционалдық сауаттылық ұғымына шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінен шолу жасалып, еліміздегі орта білім беру мекемелеріндегі физика пәні мұғалімдерінің оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға дайындық деңгейіне талдау жасалды. Сондай-ақ физикадан оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесін зерделеу үшін Астана және Атырау қалаларындағы жалпы білім беретін ұйымдардың физика пәні мұғалімдеріне сауалнама жүргізіліп, осы бағыттағы педагогикалық ұстанымдары мен әдістемелік тәсілдері зерттелді. Осы зерттеулер негізінде физиканы басқа пәндермен интеграциялау әдістерін қолдану арқылы өмірлік жағдайларға байланысты кейс-тапсырмалары құрастырылды.




