Графикалық пәндерді оқу процесінде білім алушылардың кәсіби мотивациясын зерттеу және оның әсері


Қаралымдар: 69 / PDF жүктеулері: 85

Авторлар

  • Айтжан Абдыров С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Марал Есекешова С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Гульмаржан Тулеуова С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2220-685X-2022-67-4-52

Кілт сөздер:

кәсіби мотивация, графикалық пәндер, инженерлік графика, сауалнама, оқытудың тиімділігі

Аңдатпа

Мақалада графикалық пәндерді оқу процесінде білім алушылардың кәсіби мотивациясын зерттеу нәтижелері келтірілген. Сәулет және дизайн мамандығының білім алушыларының «Инженерлік графика» пәнін оқуға деген кәсіби мотивациясы мен қызығушылығының деңгейін анықтауға арналған сұрақтар әзірленді. Эксперименттік зерттеулер жүргізу кезінде осы пәнді оқуға деген қызығушылықты нашарлататын графикалық пәндерді оқытудың кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік туды. Инженерлік графика пəні – сызба геометрия пəні мен машина жасау жəне құрылыс сызбаларының теорияларын зерттейтін ғылым. Инженерлік графика теорияларының жетістіктері техника мен ғылымның əртүрлі салаларында кеңінен қолданылуда, сондықтан жер жұмыстарының сызбаларын сауатты орындау, инженерлік ғимараттарды жобалау жəне тұрғызу үшін, жер бетінде салынатын аса қажетті ғимараттарды сызбамен кескіндеу теориясының негіздерін инженер осы инженерлік графика теориясы арқылы біліп үйренеді. Сол себепті бұл пәнді оқып, зерделеу өте маңызды және қажетті.

Кәсіби мотивация білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауға және олардың оқу және кәсіби қызметіне қанағаттануына әсер етеді. Кәсіби мотивацияны тек арнайы ғана емес, сонымен қатар кәсіби және практикалық пәндерді, соның ішінде инженерлік графиканы оқу процесінде қалыптастыру қажет. Жоғары білікті маман болу үшін, бұл жағдайда инженер болу үшін білім алушыға жоғары сапалы графикалық дайындық қажет. Оқытушылар мен зерттеушілердің тәжірибесі студенттерді пәндерді оқуға ынталандырудың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді, әсіресе алғашқы жылдары, олар болашақ кәсібіне қатысты барлық нәрсені мотивациялық маңызды деп санайды. Болашақ маманның кәсіби мотивациясын қалыптастыру - бұл білім беруді жаңғыртудың маңызды бағыты.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-23

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Абдыров, А. ., Есекешова, М. ., & Тулеуова, Г. (2023). Графикалық пәндерді оқу процесінде білім алушылардың кәсіби мотивациясын зерттеу және оның әсері. Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары, 67(4), 52. https://doi.org/10.32523/2220-685X-2022-67-4-52

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)