Заманауи интерьер кеңістігіндегі Smart Furniture технологияларының даму тенденциялары
Қаралымдар: 65 / PDF жүктеулері: 42
DOI:
https://doi.org/10.32523/2220-685X-2026-81-2-36-50Кілт сөздер:
Smart Furniture, ақылды жиһаз, интерьер дизайны, IoT технологиялары, трансформацияланатын жиһаз, эргономика, цифрлық технологияларАңдатпа
Мақалада заманауи интерьер кеңістігіндегі Smart Furniture технологияларының даму тенденциялары зерттеледі. Цифрландыру мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы интерьер дизайнына жаңа талаптар қойып, интеллектуалды жиһаз жүйелерінің кеңінен таралуына ықпал етуде. Зерттеудің мақсаты – Smart Furniture технологияларының негізгі даму бағыттарын анықтау, олардың интерьер кеңістігін ұйымдастырудағы рөлін талдау және қолдану перспективаларын бағалау. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы ақылды жиһаздардың функционалдық, эргономикалық және технологиялық ерекшеліктерін жүйелеуде көрінеді, ал практикалық маңыздылығы тұрғын және қоғамдық кеңістіктерді жобалауда тиімді шешімдерді ұсынуымен сипатталады. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді талдау, салыстырмалы талдау және жүйелеу әдістері қолданылды. Нәтижесінде Smart Furniture технологияларының негізгі даму тенденциялары ретінде трансформацияланатын жиһаздардың дамуы, Интернет заттары (IoT) жүйелерімен интеграция, жасанды интеллект элементтерін енгізу, энергия тиімділігі және пайдаланушы қажеттіліктеріне бейімделетін эргономикалық шешімдер анықталды. Зерттеу қорытындылары Smart Furniture технологияларының интерьер кеңістігінің функционалдық тиімділігін арттырып, пайдаланушылардың өмір сүру және жұмыс істеу сапасын жақсартуға ықпал ететінін көрсетті. Жұмыс нәтижелері интерьер дизайны, өнеркәсіптік дизайн және сәулет салаларындағы ғылыми зерттеулерді дамытуға үлес қосады. Сонымен қатар Smart Furniture технологияларын енгізу интерьер кеңістігінің икемділігін арттырып, заманауи пайдаланушының жеке қажеттіліктеріне бейімделген жайлы, қауіпсіз және көпфункционалды орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.



