Инженерлік компьютерлік графика бойынша компьютерлік емтиханды әзірлеу


Қаралымдар: 6 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

  • Нурлан Умбетов ЮКУ им. М. Ауэзова
  • Бекмуратова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми-зерттеу университеті

Кілт сөздер:

инженерлік және компьютерлік графика, геометриялық және графикалық оқыту, тест тапсырмалары, проекциялық сызба, сипаттама геометрия, компьютерлік тестілеу

Аңдатпа

Мақалада «Инженерлік және компьютерлік графика» пәні бойынша білім алушылар білімін компьютерлік тестілеу арқылы тексеру жүйесін
енгізу мәселелері қарастырылған болатын. Өз кезегінде бұл пән бойынша тест
тапсырмаларын әзiрлеу көптеген техникалық бағыттағы мамандықтардың оқу
жоспарларымен берiлетiн аудиториялық кредит сағаттарының қысқаруы жағдайында
әсiресе өзектi екенi атап өтiлгендігі ескерілген болатын. Осы пән бойынша дайындалған
тест тапсырмаларының ерекшелігі – сұрақтар мәтін түрінде берілген, ал жауаптары
сызбалар (суреттер) мен мәтіндер жиынынан құралған болатын. Уақыттың өте қысқа
болуына байланысты білім алушылар фундаменталды пәндерді, атап айтқанда
«Сызба геометрия» пәнін оқуда тәуелсіздікті күшейтуге бағытталған компьютерлік
тестілеудің рөлі көрсетілгендігін атап өтсек болады. Оқыту пәні бойынша өткен
тақырыптарды қайталау және бекіту, сондай-ақ өз білімін тексеру мақсатында
тестілеу бақылауының кейбір артықшылықтары анықталды. Компьютерлік тестілеу
барысында оқу материалының игерілу деңгейі тексерілетіні көрсетілген, ол білім,
дағдылары мен машықтар сияқты ұғымдармен көрініс табады, сондай-ақ сызбаларды
оқу дағдыларының деңгейі тексеріледі. Мақаланың қорытынды бөлімінде тестілеу
жүйесі, дәлірек айтқанда компьютерлік тестілеу, оқыту әдістерін жетілдірудің,
сондай-ақ білім алушыларды даярлау сапасын бақылаудың тиімді құралы екендігі
атап өтілді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Умбетов, Н., & Бекмуратова. (2026). Инженерлік компьютерлік графика бойынша компьютерлік емтиханды әзірлеу. Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары, 80(1), 19–29. Retrieved from https://bulprengpe.enu.kz/index.php/main/article/view/968

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)