ДИЗАЙН БІЛІМІН ҚАЙТА ҚАРАУ: ҚОЛӨНЕРДЕН БАСТАП НЕЙРОНДЫҚ ДӘУІРДЕГІ СТРАТЕГИЯҒА ДЕЙІН
Қаралымдар: 140 / PDF жүктеулері: 48
Кілт сөздер:
дизайн, қолөнер, инновация, педагогикалық тәсілдер, жасанды интеллект, технологиялар, нейрондық желілерАңдатпа
Бұл мақалада жоғары мектепте білім беру бағдарламаларын жаңартудың кешенді моделін ұсынуға тырысады. Жұмыстың мақсаты-жаңа трендтерді тізіп қанақ оймай, ертеңгі күнніңсын-тегеуріндеріне дайын бәсекеге қабілетті және бейімделгіш мамандарды дайындауға мүмкіндік беретін жаңғыртудың негізгі бағыттарын негіздеу және құрылымдау. Автор қолданыстағы білім беру стандарттарының кемшіліктерін талдайды және болашақта 3-7 жыл ішінде талап етілетін құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған оқытудың болжамды моделіне көшуді ұсынады. Қазіргі таңда дизайнерлік білім беру жүйесі генеративті жасанды интеллекттің (ЖИ) дамуының әсерінен түбегейлі трансформация кезеңіне аяқ басты. Дәстүрлі, қолөнерге негізделген тәсілдер өзектілігін жоғалтып, мамандардан стратегиялық ойлау, эмпатия және тұжырымдамалық жұмыс талап етіледі. Осы өзгерістер аясында болашақ дизайнерлерді даярлау мазмұнын, әдістемесін және технологиялық базасын қайта қарау қажеттілігі туындайды. Мақалада дизайнерлік білім беруді жаңғыртудың кешенді моделі ұсынылады. Бұл модельде ЖИ шығармашылық үдерістің барлық кезеңіне органикалық енгізіледі. Midjourney, DALL-E сияқты нейрожелілерден бастап UX/UI және қозғалыс дизайнында ЖИ көмекшілерін қолдануға дейін нақты дидактикалық бірліктер талданады. Сондай-ақ, VR/AR, no-code платформалары және цифрлық этика пәндерін оқу бағдарламасына енгізудің маңыздылығы көрсетіледі.




