Қазақстан колледждерінде оқуға қызығушылықты арттыру жолдары (Маңғыстау облысы мысалында)
Қаралымдар: 66 / PDF жүктеулері: 49
DOI:
https://doi.org/10.32523/2220-685X-2021-60-1-5Кілт сөздер:
кәсіптік білім, колледж, білім беру жүйесі, өңір, Маңғыстау облысы, ТжКБАңдатпа
Әртүрлі меншік нысанындағы оқу орындарына жасалған кең статистикалық талдауы және білім беру ұйымдары басшыларынан алынған терең сұхбат негізінде авторлар кәсіптік білім беру ұйымдарында оқудың төмен қызығушылығы мен білім беру ұйымдарыны беделінің төмен болу себептерін келтіреді және оларды арттыру бойынша шешу жолдарын ұсынады. Орта кәсіптік білім беру кез келген елдің инновациялық дамуы үшін маңызды мәнге ие. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім берудің, оның ішінде орта кәсіптік және техникалық білімнің маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Мақалада жаһандануды ескере отырып, білім беру жүйесін реформалау қажеттілігі қарастырылады. Қазақстан Республикасында кәсіптік орта білім беруді дамытудың негізгі бағыты, кәсіптік даярлаудың екі деңгейлі жүйесін: арнайы орта-бакалавриат енгізу болып табылады, АҚШ-тың табысты тәжірибесіне негізделінген.