Материалдарды жіберу

Материалды жіберу үшін сізге Кіру немесе Тіркелу қажет.

Материалды редакцияға жіберер алдындағы дайындық тізімі

Жіберу процесінің бөлігі ретінде авторлар олардың ұсыныстары келесі тармақтардың барлығына сәйкес келетінін тексеруі керек, ал егер олар осы талаптарға сәйкес келмесе, авторларға қайтарылуы мүмкін.
  • The submission has not been previously published, nor is it before another journal for consideration (or an explanation has been provided in Comments to the Editor).
  • The submission file is in OpenOffice, Microsoft Word, or RTF document file format.
  • Where available, URLs for the references have been provided.
  • The text is single-spaced; uses a 12-point font; employs italics, rather than underlining (except with URL addresses); and all illustrations, figures, and tables are placed within the text at the appropriate points, rather than at the end.
  • The text adheres to the stylistic and bibliographic requirements outlined in the Author Guidelines.

Авторларға арналған нұсқаулық

«Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары» журналына мақала беруде авторларға арналған нұсқаулық

Журнал редакциясы авторлардан ережелермен (журнал туралы жалпы ақпаратты, мақалаларды қарау тәртібін, авторларға арналған нұсқаулықты, жарияланым этикасын қамтитын журналдың редакциялық саясатымен) танысуды және журналға жіберілетін жұмыстарды әзірлеу кезінде осы тәртіпті ұстануды сұрайды. Белгіленген ережелерді ұстанбау мақаланың жариялануын кешіктіреді.

Автордың мақаланы редакцияға жіберуі (авторлардың) баспагер Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, журналда мақала басып шығару және оны кез келген шет тілінде қайта басу құқығына келісімін білдіреді.

Редакцияға (ашық журнал жүйесі (OJS) арқылы) мақаланың Word файлдары ұсынылады (бет – А4, кітап бағдары, ені бойынша тегістеу, жиегі барлық жағынан 20 мм. Қаріп: Palatino Linotype типі, өлшемі (кегль) - 13, жоларалық интервал 1, «қызыл жолдың» шегінісі - 1,0 см. Мақаланың көлемі (атауын, авторлар туралы мәліметтерді, аннотацияны, кілт сөздерді, библиографиялық тізімді қоспағанда) кемінде 6 бет (3000 сөз) құрауы және 16 беттен (7000 сөз) аспауы тиіс.

Авторлар қолжазбаның екі нұсқасын ұсынуы керек, олардың біреуінде авторлар туралы ақпарат (аты-жөні, жұмыс орны, авторлар туралы ақпарат) қамтылмауы қажет, себебі «екіжақты жабық» рецензиялауда анонимді мәтін талап етіледі. Сондай-ақ, автор(лар) Ілеспе хат ұсынуы қажет. Мақала файлдарын мақала тақырыбының алғашқы 4-5 сөзімен атау керек (мысалы: 1. Оқыту әдістемесі туралы – автормен файл; 2. Оқыту әдістемесі туралы – авторсыз файл).

Жұмыс мәтіні ХҒТАР айдарынан басталады. (Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат айдары, келесі сілтеме арқылы http://grnti.ru/), ары қарай автордың(лардың) аты-жөні мен тегі, ұйымның толық атауы, қаласы, мемлекет, автордың(лардың) е-mail, мақаланың тақырыбы, аңдатпа, түйін сөздер жазылады.

Аңдатпа зерттеу мақаласының қысқаша мазмұны және оқырманға мақаланың мәнін тез түсінуге көмектесу үшін қолданылады. Аңдатпа мақаланың дербес бөлігі бола отырып, түсінікті етіп жазылуы керек. Онда көлемді формулалардың болмауы, мазмұны бойынша мақала атауын қайталамауы, жұмыс мәтіні мен әдебиеттер тізіміне сілтемелер болмауы тиіс, мақаланың қысқаша мазмұны, оның ерекшеліктерін көрсетіп, мақаланың құрылымын сақтауы тиіс. Аңдатпа оқырманды мақаланы толығымен оқуға ынталандыруы керек. Аңдатпа құрылымы зерттеу объектісін сипаттаудан басталып, мәселелерді және қолданылған әдістерді, көрнекті нәтижелерді және олардың маңыздылығын баяндау керек. Қажет болған жағдайда белгіленген терминологияны пайдалану керек. Аңдатпа көлемі 150-200 сөзді құрайды.

Түйін сөздер (7 сөзден немесе сөз тіркестерінен көп емес) мақаланың негізгі мазмұнын көрсетуі; зерттеудің пәндік саласын анықтауы; мақала мәтінінде кездесуі тиіс сөздер. Түйін сөздер бір-бірінен үтір арқылы ажыратылады.

Журналдың ықтимал авторлары тақырыптарға сәйкес мақала құрылымы IMRAD (ИМРАД) (түпнұсқа мақалалар үшін), атауы, аннотациялары, түйінді сөздері, кіріспесі, материалдары мен әдістері, нәтижелері, талқылауы, қорытындысы, қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса), әдебиеттер тізімін қамтиды.

  • ҒТАМР
  • Автор(лар)дың аты-жөні (ORCID бастырмасын басу арқылы)
  • Автор(лар)дың жұмыс орны, қала, ел, электрондық пошта
  • Мақаланың атауы
  • Аннотация
  • Кілт сөздер
  • Кіріспе
  • Зерттеу материалдары мен әдістері
  • Нәтижелер және оларды талқылау
  • Қорытынды
  • Қаржыландыру туралы ақпарат
  • Авторлардың үлесі
  • Әдебиеттер тізімі
  • Авторлар туралы ақпарат.

Осы талаптардың бірі сақталмаған жағдайда мақала қарастыруға қабылданбайды.

Кестелер жұмыс мәтініне тікелей енгізіледі, олар нөмірленіп, жұмыс мәтінінде оларға сілтеме берілуі тиіс. Суреттер, графиктер стандартты форматтардың бірінде ұсынылуы керек: PS, PDF, TIFF, GIF, JPEG, BMP, PCX. Нүктелік суреттерді 600 dpi рұқсатымен орындау қажет. Суреттерде барлық мәліметтер, белгілер нақты, айқын көрсетілуі керек.

Әдебиеттер тізімінде тек жұмыс мәтінінде сілтеме жасалған дереккөздер (дәйексөз ретінде немесе ағылшын алфавитінің ретімен нөмірленген) болуы керек. Нәтижелері дәлелдемелерде қолданылатын жарияланбаған жұмыстарға сілтемелер жасауға рұқсат етілмейді.

Журналда жариялауға жіберілген барлық мақалалар, жарияланымдар және материалдар әдебиеттер тізімімен бірге болуы керек, библиографияны құрастыру кезінде Гарвард сілтеме стилін пайдалану ұсынылады.

Әдебиеттер тізімін ресімдеуге қойылатын негізгі талаптар:

Әдебиеттер тізімінде жұмыс мәтінінде сілтемелері бар көздер ғана (дәйексөз ретінде немесе ағылшын әліпбиі тәртібімен нөмірленген) болуы тиіс. Жарияланбаған жұмыстарға сілтеме жасауға жол берілмейді.

Сілтеме жасалатын дереккөздердің сапасы мен саны мақаланың өзектілігін көрсетеді. Сондықтан авторларға мынадай нұсқаулықтарды ұстану ұсынылады: барлық сілтемелерде ағылшын тіліндегі библиографиялық деректер болуы тиіс; сілтемелердің кемінде 30% -ы Scopus және (немесе) Web of Science-де индекстелуі тиіс; сілтемелердің кемінде 50% -ы 10 жастан аспауы тиіс, олардың жартысы 3 жастан аспауы тиіс; мақаланың авторлары мен тең авторларының әдебиет тізіміндегі жарияланымдарының рұқсат етілген саны жалпы санының 20% -ынан аспауы тиіс.

Harvard Referencing Style қолданған кезде әдебиеттер тізімін қалыптастыру алфавиттік тәртіппен жүзеге асырылады. Нөмірлеу қарастырылмаған. Библиографиялық тізімде мақалада келтірілген барлық кітаптар, мақалалар, диссертациялар және басқа да ғылыми еңбектер көрсетілуі керек. Тізім жұмыстың соңында орналастырылады.

Халықаралық-құқықтық актілерге, мемлекетішілік нормативтік құқықтық актілерге, мемлекеттік бағдарламаларға және т.б. сілтемелер дәйексөз келтіруге қарай соңғы сілтемелер түрінде ресімделеді.

Келтірілген басылымның атауы курсивпен белгіленеді.

Кітаптардағы тараулар, мақалалардың атаулары ағылшын тіліндегі "тырнақшалармен" белгіленеді.

Авторға(ларға) нұсқау. Автордың тегі жазылады, үтір қойылады, одан кейін оның инициалдары көрсетіледі. Бір автордың бірнеше жұмысына сілтемелер хронологиялық тәртіпте беріледі. Автордың бір жылы жарияланған жұмыстарына сілтеме жасағанда, басылым жылына латын әріптерін (a, в, c) және т.б. қосу арқылы жұмыстарды ажырату керек (Jackson, А., 2024a: 12), (Jackson, А., 2024в: 75-76).

Егер мақаланы екі автор дайындаған болса, олардың фамилияларының арасына "and" жалғаулығы жазылады. Егер үш автор болса, онда бірінші және екінші автор үтірмен, екінші және үшінші авторлар "and" жалғаулығымен бөлінеді. Авторлар үштен көп болған кезде алғашқы үшеуі үтір арқылы көрсетіледі, содан кейін «және т.б.» қойылады.

Кітаптарға сілтемелерді рәсімдеу келесілерді қамтуға тиіс:

Автордың тегі, аты-жөні, үтір; (жақшадағы басылым жылы) – үтір; кітаптың атауы – курсивпен; басылым нөмірі (егер екінші және одан кейінгі басылымға сілтеме жасалса) – үтір; баспагер (баспахана) – үтір; басылым қаласы – нүкте.

Егер дереккөз электронды түрде келтірілсе, онда соңында көрсетілуі керек: available at: жүгіну кезіндегі толық URL.

 Кітаптар тарауларына сілтемелер. Аты-жөні (жылы), «Тараудың атауы», редакторлардың аты-жөні, Кітаптың атауы курсивпен [Кітап атауының аудармасы], басылымның №, баспа, қала, ел, тараудың бет нөмірлері көрсетіледі.

Журнал мақалаларына сілтеме құрылымы: Аты-жөні, (жақшада жарияланған жылы), мақаланың атауы – курсивпен, журналдың нөмірі, журналдың атауы, егер бар болса, том №-і және шығарылым нөмірі, мақала беттерінің нөмірлері.

Электронды журналдарға сілтеме: тегі, аты, шыққан жылы, тырнақшадағы курсивпен мақаланың атауы, журналдың атауы, том №-і немесе шығарылым нөмірі, мақала беттерінің нөмірлері, available at: жүгінген кездегі толық URL.

Толығырақ қараңыз:

Ағылшын тілінде: http://www.citethisforme.com/harvard-referencing

https://librarydevelopment.group.shef.ac.uk/Assets/pdfs/referencing/harvard.pdf

https://www.adelaide.edu.au/library/ua/media/4332/library-qrg-harvard-referencing.pdf  

Орыс тілінде: https://lib.herzen.spb.ru/media/manual/harvard_style.pdf

Бұдан кейін авторлардың әрқайсысы бойынша мәліметтер енгізіледі (аты-жөні, ғылыми атағы, мекенжайы, қала, мемлекет, телефон, е-mail - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде).

Статьи

Политика раздела по умолчанию

Құпиялық туралы мәлімдеме

The names and email addresses entered in this journal site will be used exclusively for the stated purposes of this journal and will not be made available for any other purpose or to any other party.