«Сызба геометрия» пәнінің «Қолданбалы геометриядағы» орны туралы
Қаралымдар: 122 / PDF жүктеулері: 53
Кілт сөздер:
іргелі пән, қолданбалы геометрия, сызба геометрия, кескіндеу әдісі, кескіндер, графикалық даярлық, техникалық пішіндер.Аңдатпа
Мақалада техникалық жоғары оқу орындарындағы кәсіби білім берудің құрамдас бөлігі ретінде «Сызба геометрия» пәнінің маңыздылығы жан-жақты қарастырылады. Аталған пән студенттердің кеңістіктік ойлауын дамытуға, геометриялық пішіндерді графикалық тәсілмен бейнелеу дағдыларын меңгеруге, сондай-ақ техникалық нысандардың екіөлшемді және үшөлшемді модельдерін өзара түрлендіру қабілетін қалыптастыруға негіз болады. Сызба геометрия - инженерлік білім беру жүйесінде тек теориялық пән ғана емес, сонымен қатар қолданбалы сипаттағы инженерлік есептерді шешуге бағытталған маңызды құрал болып табылады. Мақалада бұл пәннің қолданбалы геометриямен байланысы, дәстүрлі әдістер мен заманауи 3D-технологиялар арасындағы сабақтастық нақты мысалдар арқылы сипатталады. Авторлар сызба геометрияны оқу арқылы күрделі техникалық жобаларды компьютерлік модельдеу мүмкіндігінің артатынын, алайда бұл үшін берік теориялық негіздің қажет екенін атап өтеді. Сонымен қатар, оқу бағдарламаларында бұл пәннің сағат көлемін қысқартудың кері әсері көрсетіліп, оны сақтау және дамыту қажеттілігі негізделеді. Онсыз күрделі техникалық бұйымдарды тиімді жобалау, тіпті компьютерлік технологияны қолдану да мүмкін емес. Пәннің болашақ инженерлерді даярлаудағы іргелі рөлі мақалада дәлелдермен көрсетілген.




