Топырақтағы будың қозғалысы – мұздан ісіну құбылысының физикалық негізі


Қаралымдар: 66 / PDF жүктеулері: 46

Авторлар

  • Сарсембаева А.С Сарсембаева А.С Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Коллинз П.Е. Коллинз П.Е. Лондондағы Брунель университеті
  • Сламбекова Ж.С. Сламбекова Ж.С. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2220-685X-2020-57-2-10

Кілт сөздер:

топырақтың аяздан ісінуі, топырақтағы бу өткізгіштігі, мұздатылған топырақтар, сазды топырақтар, масса өткізгіштігі

Аңдатпа

Мұздатылған топырақтардағы ылғал өткізгіштігі мен аяздан ісіну құбылысы зерттеу өткен ғасырдың 30-шы жылдарында және одан ертерек басталған. Топырақтың мұздап қату және аяздан ісіну процесін гидродинамика заңдарымен негіздеу - қалыптасқан қате тәсіл. Ондай есептеу тәсілдердер мұздан қату және топырақтың мұздан ісіну нәтижелерін
болжауда негізсіз ауытқуларға әкеледі. Ұсынылған жұмыс мұздататын топырақтың кеуекті ортадағы газ фазасындағы ылғалдың орын ауыстыруын яғни миграциясын толық сипаттап түсіндіреді және ылғалдың су-газ-су-мұз фазалық ауысуларына негізделген математикалық модельді ұсынады.
Ұсынылған әдіс термодинамикалық және фазалық тепе-теңдікке негізделген және топырақты мұздату кезінде бу қозғалысының жылдамдығын анықтауға мүмкіндік береді. Есептеулер эксперименттік тестілеу мәліметтерінің мысалында көрсетілген. Шыққан нәтижелер топырақтың аяздан ісіну мен ауа кеуектілігінің арасында тікелей байланыс болатынын мойындайды. Сонымен қатар шыққан нәтижелер топырақ тығыздығы, ондағы кеуектілік коэффициенті және бастапқы топырақ ылғалдығы аяздан қатқан топырақ ішіндегі түзілген мұз линзалар мөлшеріне әсерін тигізетінін дәлелдеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-13

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сарсембаева А.С S. A. . . . . ., Коллинз П.Е. C. P. . . ., & Сламбекова Ж.С. S. Z. (2022). Топырақтағы будың қозғалысы – мұздан ісіну құбылысының физикалық негізі. Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары, 57(2), 10. https://doi.org/10.32523/2220-685X-2020-57-2-10

Журналдың саны

Бөлім

Статьи