Ерекше қажеттіліктері бар балалардың қол жетімді мектеп формасын талдау
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
қыздарға арналған киім, бейімделгіш киім, инклюзивті дизайн, жайлылық пен қауіпсіздік, мектеп формасы.Аңдатпа
Бұл мақалада аутизм спектріндегі (РАС) қыз балаларға арналған адаптивтік иімдерді жобалау және әзірлеудің маңыздылығы қарастырылады. Мұндай балалар үшін ыңғайлы, қауіпсіз әрі функционалды мектеп формасын жасау өзекті мәселеге айналып отыр, себебі стандартты киім үлгілері олардың ерекше қажеттіліктерін ескере бермейді. Зерттеу киімнің сенсорлық жайсыздықты, жоғары тактильді сезімталдықты және өзін-өзі киіндірудегі қиындықтарды азайтатын элементтерін, соның ішінде материалдарды, бекітпелер мен конструкцияларды бейімдеудің маңыздылығын көрсетеді. Негізгі назар инклюзивтілік және эргономика принциптеріне аударылып, қозғалыс еркіндігі мен жайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Мақалада мата мен дизайн таңдауға әсерететін факторлар талданады, олар РАС бар балалардың өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері дизайнерлер мен өндірушілерге инклюзивті киім жасауға, сондай-ақ балалардың әлеуметтік бейімделуі мен өзіне-өзі қызмет етуін арттыруға көмектеседі.