Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сәулет-құрылыс сызбалары мен геометрялық өлшемдері
Қаралымдар: 699 / PDF жүктеулері: 291
DOI:
https://doi.org/10.32523/2220-685X-2022-65-2-16Кілт сөздер:
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Әмір Темір, Қазандық, Намазхана, Қабірхана, Үлкен және Кіші Ақсарай, Асхана, Кітапхана, күмбез, портал, кесененің өлшемдеріАңдатпа
Бұл мақала Орта Азияда теңдесі жоқ қазіргі заманға сай салынған орта ғасырда салынған сәулет өнерінің таңғажайып көп функционалды және діни орталық болған ғимараты туралы. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жаңарту мақсатында және Әмір Темірдің ұзақ жылғы соғыстағы жеңісінен кейінгі бұйрығымен салынған орта ғасырдағы зәулім сәулет құрылыс нысанасы. Ғимарат екі қабаттан, жиырма үш бөлме мен негізгі сегіз бөлмелерді бөліп тұратын алты дәліз бен шыға беріс бас порталдан шығып кіруге арналған екі дәлізден және әр түрлі баспалдақтардан тұрады. Мақаланың мақсаты ғимараттың негізгі бөлмелерінің геометриялық өлшемдерін сызып көрсету, себебі әлі күнге дейін жоспарлардың толық сызбасы жоқ




