Аксонометрияның пайда болуы және дамуы


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Әуез Бәйдібеков Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

аксонометрия, геометрия, көрнекі кескін, изометрия, аксонометрия теориясы, аксонометриялық кескін, аксонометриялық проекциялар.

Аңдатпа

Мақалада аксонометрияның пайда болуы мен даму тарихы қарастырылады. Аксонометрия ежелгі дәуірден бастап, атап айсақ ежелгі гректер мен Египет пен Месопотамиядан бастап біртіндеп дамыды және бейнелеудің негізгі әдістері жасалды. Ежелгі грек ғалымдары Евклид, Архимед және Аполлоний геометрияның негізін қалады және  бұл кейінірек аксонометрия үшін маңызды кеңістік пен перспективалар туралы түсініктердің дамуына ықпал етті. Ортағасырда азияда Араб халифаты құрылып ежелгі грек ғалымдарының еңбектері аударылып әрі қарай оларды араб ғалымдары дамытты. Бұл араб ғалымдарының қатарынан Орта азиядан шыққан тегі түрік тілдес ғалымдар болды. Бұл ислам әлемінде белгілі әл-Хорезми мен әл-Бируни сияқты ғалымдар аксонометрияның дамуына үлкен үлес қосаып, кеңістіктік объектілерді қабылдау мен ұсынуға әсер ете отырып, математикалық және геометриялық білімнің дамуына үлес қосты. Бұдан бөлек әл-Хайсам оптика саласындағы зерттеулерімен танымал болған ғалым. Оның  еңбегі көру процесі мен жарықтың қасиеттерін зерттеуге арналған ғылымға қосқан жетістігі үлкен. Еуропада қайта өрлеу кезінде атақты Леонардо да Винчи мен Альбрехт Дюрер сияқты ғалымдар мен сәулетшілер көрнекі кескіндерді соның ішінде перспективалық әдістерді дамытты. Бұл аксонометриялық көрнекі кескіннің дамуына да әсер етті. Уильям Фариште аксонометрияның ерекше түрі изометрия ережелерін жасай отырып, техникалық бейнелеудегі маңызды қадам болды. Мақалада аксонометрия теориясын дамытқан Александр Редера пен Карл Полке сияқты жаңа заман ғалымдарының үлестері де қарастырылды. Осы аксонометрия теориясын Кеңес Одағының ғалымдары Н.А. Глаголев, Н.Ф. Четверухин мен О.А. Вольберг оны жаңа теоремалар мен әдістермен, соның ішінде аффиндік түрлендірулер мен мультипроекциялармен толықтырды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-11-26

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бәйдібеков, Ә. . (2024). Аксонометрияның пайда болуы және дамуы. Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары, 75(4), 18–28. Retrieved from https://bulprengpe.enu.kz/index.php/main/article/view/849

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)