Ерекше қажеттіліктері бар балалардың қол жетімді мектеп формасын талдау


Қаралымдар: 13 / PDF жүктеулері: 9

Авторлар

  • Жазира Байжанова Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті
  • Мадина Мадиева Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті

Кілт сөздер:

қыздарға арналған киім, бейімделгіш киім, инклюзивті дизайн, жайлылық пен қауіпсіздік, мектеп формасы.

Аңдатпа

Бұл мақалада аутизм спектріндегі (РАС) қыз балаларға арналған адаптивтік иімдерді жобалау және әзірлеудің маңыздылығы қарастырылады. Мұндай балалар үшін ыңғайлы, қауіпсіз әрі функционалды мектеп формасын жасау өзекті мәселеге айналып отыр, себебі стандартты киім үлгілері олардың ерекше қажеттіліктерін ескере бермейді. Зерттеу киімнің сенсорлық жайсыздықты, жоғары тактильді сезімталдықты және өзін-өзі киіндірудегі қиындықтарды азайтатын элементтерін, соның ішінде материалдарды, бекітпелер мен конструкцияларды бейімдеудің маңыздылығын көрсетеді. Негізгі назар инклюзивтілік және эргономика принциптеріне аударылып, қозғалыс еркіндігі мен жайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Мақалада мата мен дизайн таңдауға әсерететін факторлар талданады, олар РАС бар балалардың өмір сапасын жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, зерттеуде бейімделген мектеп формасының балалардың өзін-өзі бағалауына және сенімділігіне қалай әсер ететіні қарастырылады, бұл оларға мектеп қоғамдастығына тиесілі болу сезімін беріп, күнделікті тапсырмалардан туындайтын стрессті азайтады. Бейімделген дизайнның өзін-өзі күту дағдыларын дамытуға және тәуелсіздікке деген мотивацияға әсері де қарастырылады, бұл коммуникация және әлеуметтік бейімделу қиындықтарын сезінетін ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше маңызды. Зерттеу нәтижелері дизайнерлер мен өндірушілерге инклюзивті киім жасауға, сондай-ақ балалардың әлеуметтік бейімделуі мен өзіне-өзі қызмет етуін арттыруға көмектеседі.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-11-02

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Байжанова , Ж. ., & Мадиева , М. . (2024). Ерекше қажеттіліктері бар балалардың қол жетімді мектеп формасын талдау. Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары, 74(3), 73–84. Retrieved from https://bulprengpe.enu.kz/index.php/main/article/view/835

Журналдың саны

Бөлім

Статьи