Ғимараттарды жобалау кезінде пайдалану қасиеттерін қамтамасыз ету
Қаралымдар: 32 / PDF жүктеулері: 25
Кілт сөздер:
ғимараттар, монолитті ғимараттар, құрылымдық элементтер, беріктікАңдатпа
Бұл мақалада тұрғын үй кешенінің барлық салынып жатқан ғимараттары, индустриялық құрылыстар барлық қажетті шарттар мен стандарттарға сәйкес келуі туралы зертеу қамтылған. Ғимараттардың барлық кластары үшін тірек құрылымдарының (темірбетон қадалары, іргетастар, тіректер) және қоршау құрылымдарының беріктігі мен отқа төзімділігі ережелері белгіленген. Ғимараттың пайдалану қасиеттері бөлмелердің құрамымен, олардың ауданы мен көлемінің нормаларымен, ішкі әрлеумен және техникалық жабдықтармен сипатталады. Сонымен қатар, азаматтық ғимараттардың құрама-монолитті жүйесінің инновациялық әлеуеті оның инвестициялық және инженерлік-функционалдық пайдалану қасиеттерін жақсарту мүмкіндіктерін көрсететін сипаттамалардың жиынтығы ретінде қарастырылады, соның арқасында оның бәсекеге қабілеттілік деңгейі, пайдалану ауқымы және экономикалық көрсеткіштері артыру қарастырылады.