Натюрморт жанрының дамуы мен қалыптасуы
Қаралымдар: 55 / PDF жүктеулері: 40
DOI:
https://doi.org/10.32523/2220-685X-2018-50-5-31Кілт сөздер:
Натюрморт, Еуропа суретшілері, фовизм, постимпрессионизм, композицияАңдатпа
Мақалада бейнелеу өнеріндегі натюрморт жанрының ХV
ғасырдан бастап ХХ ғасырларға дейінгі аралығында дамуы мен қалыптасу
тарихы, даму мәселелері мен сол кездегі натюрморттың басты ерекшеліктері
қарастырылады. ХV-ХVІ ғасырларда натюрморт ұзақ уақыт діни суреттермен
байланыста болса, XVII ғасырда неміс (Г. Флегель, К.Паудис) және француз
(Л. Вожен) натюрморттарында реалистік өнер принциптерінің дамығаны,
XVI-шы және XVII ғасырдың екінші жартысында адамның өмірі мен жеке
өміріне, өнердің қызығушылығына, сондай-ақ әлемді игерудің көркемдік
әдістерін дамытуға жол ашқандығы көрсетіледі. Мақалада натюрморттың әр
дәуірде қалыптасуына үлкен ықпал еткен оқиғалар мен көрнекті суретшілер,
олардың әдіс-тәсілдері, натюрморт жанрына қосқан өзіндік үлестері,
өнердегі композициялық, түстік шешімдері ұсынылады.