Дизайн-ойлауды құрастыру жолдары
Қаралымдар: 52 / PDF жүктеулері: 38
DOI:
https://doi.org/10.32523/2220-685X-2018-49-4-39Кілт сөздер:
дизайндық ойлауды дамыту, ой-өрісін шығармашылықпен дамыту, айналадан идеялар алу, инновация, идеиАңдатпа
21 ғасырда кез-келген компания, қарапайым кәсіпкерлік болсын креативті түрдегі тауарлар ойлап шығарумен айналысады. Себебі, жаһанданудың қарқынды жүруімен бір апта бұрынғы жаңалық бүгінгі күнде тариx болып отыр. Осы орайда, жаңа тауарларды ойлап табу үшін әрбір адам "ойлау дизайнын" дамытуы қажет. Ойлау дизайны дегеніміз аз уақыт аралығында креативті идеяны ұсынып, жаңаша дүние ойлап табу. "Ойлау дизайн" түсінігін алғаш 1991 жылы Дэвид Келлей өзінің "The Sciences of the Artificial” кітабында алғаш қолданған болатын. Сонымен қатар, ол Стэнфорд университетінде студенттер арасында "D school” мектебін ашып, креативті ойлау тәсілдерін дамытқан. Бұл жазба жұмысында Дэвид Келлейдің ойлау дизайнын дамытудағы тәсілдері көрсетіледі. Сондай-ақ, Остин Клеонның "Кради как xудожник" кітабының желісі бойынша әр өзгеше идеядан, әр сәттен түйін шығарып, кейін жаңаша идея ойлап табу жолы қарастырылады. Сонымен қатар, Тони Шейдің "Delivering Happiness: A Path to Profits, Passion, and Purpose" атты бизнесті дамыту туралы кітабындағы әріптестер арасында, жұмыс ортасында "ойдау дизайнын" дамыту жолы мысалға алына отырып, креативті ойлауды дамыту талданады. "Ойлау дизайнының" тек бизнес немесе қоршаған ортада дамыту тәсілдері ғана емес, дизайн саласында, дәлірек айтқанда "сәулеттік дизайндағы" орны қарастырылып, мысалдар келтіріледі.