Сызба геометриясын оқыту кезінде графикалық бағдарламалар арқылы позициялық тапсырмаларды орындау әдістемесі
Қаралымдар: 15 / PDF жүктеулері: 2
Кілт сөздер:
descriptive geometry, teaching process, surface intersection lines, Rhino, AutoCAD, geometric modeling, orthogonal projectionАңдатпа
Бұл мақалада сызба геометрия пәнін оқыту үдерісінде Rhino және AutoCAD графикалық бағдарламаларын қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері
мен олардың позициялық есептерді шешудегі тиімділігі қарастырылады. Зерттеу
барысында беттердің қиылысу сызықтарын анықтау әдістері, әсіресе екінші ретті
беттердің жалпы жағдайдағы жазықтықтармен қиылысуын салу ерекшеліктері
талданады. Графикалық бағдарламаларды пайдалану арқылы күрделі кеңістіктік
есептерді көрнекі түрде модельдеу, ортогональ проекциялар негізінде дәл
геометриялық құрылымдар жасау және қиылысу сызықтарын анықтаудың
алгоритмдік тәсілдерін меңгеру мәселелері қарастырылады. Мақалада Rhino және AutoCAD ортасында орындалатын позициялық есептердің кезеңдік шешу
жолдары ұсынылып, олардың студенттердің кеңістіктік ойлауын, графикалық
сауаттылығын және өзіндік танымдық белсенділігін дамытудағы рөлі айқындалады.
Сонымен қатар, заманауи цифрлық технологияларды қолданудың жаңа білімді
сапалы меңгеруге, инженерлік-графикалық құзыреттерді қалыптастыруға және оқу
үдерісінің тиімділігін арттыруға ықпалы ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негізделеді.
Зерттеу нәтижелері графикалық бағдарламалардың сызба геометрияны оқытуда
теория мен практиканы ұштастыратын маңызды құрал екендігін көрсетеді.




