ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ СӘУЛЕТ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДА ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ-ГРАФИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ
Қаралымдар: 19 / PDF жүктеулері: 24
Аңдатпа
Бұл мақалада құрылыс және сәулет мамандықтары бойынша мамандарды даярлау үдерісінде дәстүрлі графикалық пәндер — сызба геометрия мен инженерлік графика — және заманауи цифрлық CAD/BIM технологияларын кешенді түрде интеграциялау мәселелері қарастырылады. Қазіргі құрылыс индустриясында үшөлшемді модельдеу, параметрлік жобалау және ақпараттық үйлестіру тәсілдері жобалау үдерісінің негізгі компонентіне айналып отыр. Осыған орай, инженерлік-графикалық пәндердің мазмұнын жаңғырту және оны BIM ортасымен үйлестіру кәсіби білім берудің өзекті бағыты болып табылады. Авторлар болашақ сәулетшілердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыруда геометриялық-графикалық дайындықтың рөлін айқындап, студенттердің кеңістіктік және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын талдайды. Сонымен қатар, цифрлық технологияларды қолдану арқылы жобалау сапасын арттыру, инженерлік есептерді кешенді шешу және виртуалды визуализация құралдарын тиімді пайдалану мәселелері қамтылады. Зерттеу нәтижелері инженерлік білім беруді цифрландыру жағдайында пәнаралық интеграцияның маңыздылығын және заманауи цифрлық ортада оқытудың инновациялық әлеуетін айқындайды.




