САРАЛАП ОҚЫТУДА ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ АЛАТЫН ОРЫНЫ


Қаралымдар: 16 / PDF жүктеулері: 2

Авторлар

  • Гульнур Нурлановна ЕНУ имени Л. Н. Гумилева
  • Сауле Нуркасымова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Лаура Толекенова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

оқыту әдістемесі, саралап оқыту, логикалық есептер, сыни тұрғыдан ойлау, шығармашылық ойлау, ғылыми ойлау, логиканы дамыту

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі негізгі басымдықтар мен мақсаттар аясында физика пәнінің білім алушылардың жеке тұлғалық дамуын қалыптастырудағы маңызы жан-жақты қарастырылады. Физика пәнін оқытудың әдістемелік негіздерін, сондай-ақ физикалық есептердің танымдық, логикалық және шығармашылық қабілеттерді дамытудағы рөлін саралайды.

Мақалада саралап оқыту әдісін қолдану арқылы білім беру процесінде логикалық есептердің алатын орны қарастырылады. Логикалық есептердің оқу мотивациясын арттыруға, пәнаралық байланыстарды нығайтуға және білімді терең меңгеруге ықпалы талданады. Сондай-ақ саралап оқыту барысында логикалық есептерді тиімді енгізудің әдістемелік жолдары ұсынылады.

Мақалада физикалық есептерді шығару тек теорияны меңгерумен шектелмей, білім алушылардың оны тәжірибе жүзінде қолдануына, ғылыми ойлауын жетілдіруге және политехникалық білімін тереңдетуге мүмкіндік беретіні көрсетіледі. Сонымен қатар, физика есептерін шешудің түрлері мен оларды оқытуда қолданылатын заманауи технологиялар үлгілері сипатталып, оқыту сапасын арттыруға бағытталған әдістемелік ұсыныстар беріледі. Материал қазіргі оқытушылар мен болашақ педагогтер үшін тәжірибелік тұрғыда маңызды көмекші құрал бола алады.

Зерттеу барысында тәжірибелік сабақтарда әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беріліп, олардың нәтижелілігі салыстырмалы түрде бағаланды. Нәтижесінде саралап оқыту әдісі арқылы логикалық есептерді қолдану оқушылардың білім сапасын арттыруға, сыни ойлау қабілеттерін жетілдіруге және пәнге деген қызығушылығын күшейтуге мүмкіндік беретіні анықталды. Бұл тәсіл жалпы білім берудің сапасын жақсартуда, оқушының тұлғалық дамуын қамтамасыз етуде және XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыруда маңызды құрал болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нурлановна, Г., Нуркасымова, С., & Толекенова, Л. (2026). САРАЛАП ОҚЫТУДА ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ АЛАТЫН ОРЫНЫ. Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары, 80(1), 43–55. Retrieved from https://bulprengpe.enu.kz/index.php/main/article/view/927

Журналдың саны

Бөлім

Статьи