ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА САКРАЛДЫ РӘМІЗДЕРДІ САҚТАУДЫҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ ДИЗАЙН МЕН БІЛІМ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Қаралымдар: 223 / PDF жүктеулері: 113
DOI:
https://doi.org/10.32523/2220-685X-2025-76-1-64-78Аңдатпа
Мақалада жаһандану жағдайында қазақ мәдениетінің сакралды белгілерін сақтаудың құралы ретінде эмоционалды дизайн қарастырылады. Дәстүрлі символиканы қазіргі заманғы дизайнға енгізудің теориялық және практикалық аспектілері талданады. Дизайнерлермен жүргізілген сұхбаттар мен тұтынушыларға арналған сауалнамаларды қамтитын эмпирикалық зерттеулер нәтижелері ұсынылған. Эмоционалды дизайнның ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы және мәдени мұраны танымал етудегі рөлі көрсетілген. Сакралды символдарды мәдени маңыздылығын жоғалтпай, заманауи визуалды форматтарға бейімдеу бойынша практикалық ұсынымдар әзірленді.
Түйін сөздер: эмоционалды дизайн, сакралды символдар, қазақ мәдениеті, ұлттық бірегейлік, жаһандану, ою-өрнек, визуалды коммуникация.




