Инженерлік-графикалық пәндерді оқытуды жетілдіру
Қаралымдар: 92 / PDF жүктеулері: 66
Кілт сөздер:
инженерлік графика, CAD, виртуалды шындық, VR/AR, студенттерді ынталандыру, технология, оқыту, модельдеу, дизайн, білім беру.Аңдатпа
Бұл мақала инженерлік-графикалық пәндерді оқытуда заманауи технологияларды қолданудың маңыздылығын талқылайды. Инженерлік білім беру жүйесі технологиялық дамудың әсерінен өзгеріп, дәстүрлі әдістердің тиімділігі төмендеп келеді. Қолмен сызу мен қағаздағы инженерлік графика бұрынғыдай маңызды болғанымен, олар студенттердің кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуда жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан, автоматтандырылған жобалау жүйелері (CAD) және виртуалды/толықтырылған шынайылық (VR/AR) құралдарын қолдану инженерлік пәндерді оқытуда жаңа мүмкіндіктер ашуда. Зерттеу барысында 2023- 2024 оқу жылында жүргізілген эксперименттің нәтижелері қарастырылды. Экспериментке екі топ студент қатысты: бір топ дәстүрлі әдістермен, ал екіншісі CAD және VR/AR технологияларын пайдаланып оқытылды. Нәтижелер жаңа технологияларды қолданған студенттердің инженерлік сызба мен кеңістіктік құрылымдарды тез меңгергенін және олардың пәнге деген қызығушылығының артқанын көрсетті. CAD жүйелері студенттерге жобалау дағдыларын тез игеруге, сызбаларды дәлірек жасауға көмектессе, VR/AR технологиялары инженерлік объектілерді кеңістікте жақсы түсінуге мүмкіндік берді. Осы зерттеу нәтижесінде инженерлік-графикалық пәндерді оқытуда цифрлық технологияларды кеңінен енгізудің маңыздылығы дәлелденді. Бұл тәсіл студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге, олардың оқу процесін жеңілдетуге және болашақ инженерлерді дайындаудағы тиімділікті арттыруға ықпал етеді.




