Әл-Фарабидің геометриялық және графикалық мұрасы
Қаралымдар: 52 / PDF жүктеулері: 53
DOI:
https://doi.org/10.32523/2220-685X-2021-62-3-28Кілт сөздер:
Әл-Фараби, Аристотель, Хадаса (геометрия), графика, техника, технология, сәулет, құрылыс, ұлы жібек жолы, сауда, экономика, қолданбалы геометрия, көне сәулет құрылыстарыАңдатпа
Мақалада Қазақ елінде ерте орта ғасырдан бастап білім оның ішінде геометрия графикалық білімнің дамыған кезеңдері зерттелген. Геометрия ғылымын дамытқан екінші Аристотель деп аталған қазақ елінің тумасы әл-Фарабидің еңбектері қарастырылған. Мақалада ұлы бабамыз әл-Фарабидің геометрия ғылымын қолданбалы жолдарын сәулетшілерге, құрлысшыларға «Практикалық геометрия» еңбегін ұсынған, оның егер ағаш устаса қолданса, ағаш дененің (геометриялық дененің), егер темір ұстаса қолданса темір дененің, егер тас қалаушы қолданса тас дененің сызықтары мен беттерін, егер ол жер өлшегіш болса – жер беттерін қарастырғаны келтірген. Әл-Фарабидің көптеген ғылыми трактаттары болғаны сипатталады. Зерттеу барысында әл-Фарабидің қолжазбаларында геометриялық ұғымдардың теоремалары болғанын сол кезде терминалогиялық сөздіктің болғанын, оның кейбір терминдері осы күнге дейін сақталғаны көрсетілген. Мысалы ұзындықты өлшеу, квадрат, көпжақтарды (тетра, гексадур, додекаэдр) осы күндерді де солай аталатаны белгілі. Геометрия оның ішінде графиканын сәулет құрлысында кеңінен қолданылғаны, мысалы архелогиялық қазбалардың қазақ елінде қала құрлысымен қол өнерін дамытуда пайдаланылғаны белгілі болғаны көрсетілген. Геометрия мен графика тарихы құрылыс қолөнерінің эволюциясындағы рөлі осы күнгі жаңа техника және сәулет құрылысындағы мамандар даярлаудағы рөлі зор екені көрсетілген.