Түстер теориясының қалыптасу кезеңдерін тарихи талдау
Қаралымдар: 79 / PDF жүктеулері: 97
DOI:
https://doi.org/10.32523/2220-685X-2018-49-4-46Кілт сөздер:
түс, түстану, түс туралы ғылым, түстік спектр, түстік шеңбер, түстік модельАңдатпа
Бұл мақалада түстердің қалыптасу барысына, ғалымдардың түс туралы зерттеулеріне тарихи шолу жасалған және түс туралы ғылымның даму кезеңдері үшке бөлініп, Эмпедокл, Демокрит, әл-Бируни, Альгазен, Леонардо да Винчи, Исаак Ньютон, Томас Юнг, Ломоносов, Рунге, Ходлер, Оствальд, Гете және Рабкин тәрізді ұлылардың түс туралы пікірлері мен тұжырымдамалары жинақталған. Түс біздің дәуірге дейінгі уақыттан бастап бүгінгі күнге дейінгі адам өміріндегі ажырамас бөлікке айналған құбылыс. Түс туралы мәселелер философия, жаратылыстану, физика, физиология, психология, эстетика және тағы да басқа техникалық ғылымдар салаларымен зерттелген. Өткен жүз жылдықтардағы өнерге көз жүгіртсе, біз адамзаттың ерекше түс шешімдері мен сан алуандылығын үнемі іздеуде болғанын байқаймыз. Сондықтан түстің адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанын мойындаймыз.