Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, «Сызба геометрия» пәні бойынша оқыту жүйелерін (ОЖ) жасау


Қаралымдар: 6 / PDF жүктеулері: 1

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2220-685X-2026-82-3-7-21

Кілт сөздер:

сызба геометриясы, компьютерлік технологиялар, компьютерлік оқыту дидактикасы, бағдарламалық өнімдер, позициялық тапсырмалар, тесттік сұрақтар

Аңдатпа

Мақалада геометриялық-географиялық пәндер бойынша есеп беру үрдісіне компьютерлік технологияларды қолдана отырып, оқыту жүйелерін енгізу мәселелері қарастырылған. Қосымша құрал ретінде де, студентті оқыту және білімін бақылаудың тікелей құраушысы ретінде де компьютерді қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Геометриялық пішіндердің проекциялық кескіндері, бір-біріне қатысты олардың өзара орналасуы көрнекі түрде көрсетілетін оқыту жүйелері арқылы студенттердің кеңістіктік ойлануының дамуы белгіленген. Сызба геометриясының әртүрлі геометриялық тапсырмаларының шешіміне бағытталған оқыту жүйелерін әзірлеу кезеңдері келтірілген. Компьютерлік оқытуда бағдарламаларды өту компьютердің мониторында оқу ақпараты басынан бастап берілетін, терезелерді парақтап ашу әдісі бойынша жүретіні көрсетілген. Бұл жерде білім алушылардың психико-педагогикалық ерекшеліктері, сондай-ақ базалық деңгейі ескеріледі.

Авторлар жасаған оқыту жүйесі сондай-ақ студенттердің білімін бақылауды қарастырады. Білімді бақылау екі кезеңде өтетіні атап өтілген: алдын ала тесттік бақылау; жекелей позициялық тапсырмалар тақырыбы бойынша сызба геометрия курсының графикалық тапсырмаларын шешу. Бес тапсырма шешімі көрсетілген. Осылайша, оқу материалы теория элементтері, алдын ала тесттік бақылау сұрақтары, оқу тақырыбы бойынша тапсырмалар, білім алушының білім деңгейін тексеру сияқты бөліктерге бөлінген. Қорытындыда, әр түрлі мәселелер, соның ішінде компьютерлік технологияларды қолдана отырып, оқыту жүйелерін әзірлеу кез келген пәнді, бірінші кезекте геометриялық-географиялық пәнді оқу бойынша оқу үрдісін қарқындататыны атап өтілді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Пошанова, К. ., & Джанабаев, Ж. . (2026). Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, «Сызба геометрия» пәні бойынша оқыту жүйелерін (ОЖ) жасау . Инженерлік графика және кәсіби білім проблемалары, 82(3), 7–21. https://doi.org/10.32523/2220-685X-2026-82-3-7-21

Журналдың саны

Бөлім

Статьи